Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

18.09.2025

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде ҚР спорт қайраткері Аманбек Досмайыловты еске алуға арналған бокстан 2008-2009 жылы туылған жастар арасында халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Халықаралық турнирдің ашылу салтанатына спорт саласының ардагері Ким Юрий Федорович және Еңбек ардагері Келдібай Бектұрғанов спорт қайраткері Аманбек Досмайыловтың қазақ боксын дамыту жолындағы ерен еңбегін ерекше атап өтіп, бүгінгі додада жас спортшылардың жеңіске жетуіне сенім білдірді.

–ҚР спорт қайраткері Аманбек Рахметұлы Досмайылов – талай талантты тәрбиелеген спорт қайраткері. Қазақ боксын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан арда азаматтың ізбасарлары бүгінде жаһандық жарыстарда кәсіби шеберліктерін танытып келеді. Бүгінгі бәсекеде де спортшыларымыз үздік нәтиже көрсетеді деп сенеміз, — деді Келдібай Бектұрғанов.

– Қызылордада ұйымдастырылған бокс додасы жастарымыз үшін үлкен тәжірибе алаңы деп есептеймін. Халықаралық деңгейдегі жарыстар әр спортышының болашақта әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғауына жол ашады. Сондықтан барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Юрий Федорович.

Бес күнге жалғасатын тартысты бәсекеге Өзбекстан мемлекеті және еліміздің әр аймағынан 7 команда, 100-ге жуық спортшы 11 салмақ дәрежесінде бақ сынамақ.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.