Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Еңбек министрлігі АӘК-ті проактивті тағайындауда ЖИ қолданады

18.09.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді цифрландыру бойынша, оның ішінде ЖИ енгізу бағытында да жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабаралйды ведомствоның баспасөз қызеті.

«Бүгінгі таңда біз жасанды интеллектіні Random Forest Classifier моделінің көмегімен «оқытып» жатырмыз. Бұл – тағайындау кезінде шешім қабылдауға әсер ететін көптеген факторларды біріктіру арқылы неғұрлым дәл және тұрақты нәтижелер алуға мүмкіндік беретін ең тиімді машиналық оқыту алгоритмдерінің бірі. Осылайша, АӘК алуға құқығы бар адамдар автоматты түрде анықталатын болады. Қазіргі уақытта модель кешенді валидациядан өтті, дәлдік деңгейі 90%-дан асты, бұл оның енгізуге дайын екенін көрсетеді», – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин.

Алдағы уақытта бұл технология АӘК-ке жаңа өтінімдерді қарау үшін пилоттық режимде іске қосылады. Пилоттық кезең барысында ЖИ моделінің шешімдеріне қатысты статистика жиналады.

Жобаның алғашқы кезеңінде ЖИ қабылдаған шешімдер жергілікті атқарушы органдар үшін ұсынымдық сипатта болады. Кейіннен оларды шешім қабылдаудың бір өлшемшарттарының бірі ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.

Жобаның екінші кезеңі «компьютерлік көру» технологиясын қолдану арқылы модельдің мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Бұл кезеңде өтінімдер шеңберінде ұсынылатын фото және бейнематериалдар сияқты визуалды деректерді талдау қарастырылған. Бұл тек мәтіндік ақпаратты ғана емес, сонымен қатар отбасының әл-ауқат деңгейі мен тұрмыс жағдайларын неғұрлым объективті бағалауға мүмкіндік беретін визуалды белгілерді де ескеруге жол ашады. Жаңа деректер модельді қосымша оқыту үшін пайдаланылады, бұл өз кезегінде шешімдердің дәлдігін арттыруға бағытталған.

Жобаның үшінші кезеңі жан-жақты талдау негізінде отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығаруға бағытталған егжей-тегжейлі жоспарды ұсынуды көздейді. Бұл жоспар өңірлік, аудандық және нақты отбасы деңгейінде әзірленетін болады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.