Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Үкіметте туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

17.09.2025
Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында туризмді дамыту жөніндегі жұмыстар қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында туризм мәселелері және туристік аймақтардың жағдайы бойынша Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар елдің негізгі туристік дестинацияларына жасалған іс сапарлардың нәтижелері ұсынылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ермек Көшербаев қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтіп, инфрақұрылымды дамыту мен туристік нысандардағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жеделдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын ескере отырып, алдағы жазғы маусымға курорттық аймақтарды даярлауға баса назар аударылды.

«Туризмді дамыту – бұл тек қана экономикалық үлес емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтудың, инвестициялық тартымдылығын арттырудың және өңірлерді дамытудың маңызды факторы. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін заманауи инфрақұрылым салумен қатар, әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келетін жоғары сервис стандарттарын қалыптастыру қажет», – деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Үкімет туризмді ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қарастырады. Маңызды шарт ретінде шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы, сондай-ақ отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсету ісіне халықтың кең ауқымын тарту қажеттілігі аталды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға курорттық аймақтардың абаттандыру стандарттарын және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шетелдік қонақтар үшін паспорттық бақылау рәсімдерін жеңілдету, сұранысқа ие әуе бағыттарына халықаралық лоукостерлерді тарту, сондай-ақ туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар басқа да шаралар жүзеге асыру тапсырылды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.