Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Туризм саласындағы заңнаманы жетілдіру бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр

09.09.2025
Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында шетелдік туристерді тарту және осы үдерісті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Бүгін Үкімет отырысында Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында туризм саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары басталғанын хабарлады. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға елді мекендерден тыс аумақтарда, оның ішінде ұлттық парктердің аумағында туристік инфрақұрылым салу құқығы берілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жерлерінде фермерлерге агротуризмді дамытуға мүмкіндік беру қарастырылып отыр. Бұл бағытта жеңіл құрылыстар мен аз қабатты қонақ үйлер салуға рұқсат берілмек.

Қосымша мынадай шаралар қарастырылған:

  • қонақ үйлерге жұлдыз беру жүйесін жаңғырту;
  • шекарада туристік автобустарға арналған «жасыл дәліздер» енгізу;
  • қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.

Бүгінде Қазақстанда турбизнесті қолдаудың 7 тетігі бар:

  • тау-шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға кеткен шығындардың бір бөлігін өтеу;
  • жол бойындағы сервис нысандарын салу шығындарының бір бөлігін өтеу;
  • туристік нысандарды салу және қайта жөндеу шығындарының бір бөлігін өтеу;
  • туристік қызметке арналған автокөлікті сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеу;
  • шетелдік туристерді әкелгені үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау;
  • кәмелетке толмаған жолаушыларға әуе билеттерінің құнын субсидиялау (Kids Go Free бағдарламасы);
  • санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГУ) ұстауға кеткен шығындарды субсидиялау.

Аталған қолдау шаралары ішкі туризмді дамытуға, туристік өнімдердің сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға және жалпы туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.