Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Әлем жаңалықтары

Непал үкіметі тәртіпсіздіктерден кейін отставкаға кетті

09.09.2025
Фото: ашық дереккөз

Непал премьер-министрі Шарма Оли елдегі жаппай наразылықтар мен тәртіпсіздіктердің салдарынан отставкаға кетті.

Шарма Оли 2024 жылдың шілдесінен бері үкіметті басқарған еді. БАҚ дерегінше, оның ізінше оппозициялық Ұлттық-демократиялық партиясының мүшелері де өз өкілеттігін тоқтатты.

Наразылықтардың өршуі

Сейсенбі күні наразылыққа шыққан демонстранттар Катмандудағы үкімет кешеніне баса-көктеп кіріп, парламент ғимаратын, билеуші «Непал конгресі» партиясының орталық кеңсесін және премьер-министрдің резиденциясын өртеді.

Непал армиясы үкімет мүшелерін тікұшақ арқылы эвакуациялауға мәжбүр болды. Катмандудағы халықаралық әуежай уақытша жабылып, барлық рейстер тоқтатылды.

Жастар көтерілісінің себебі

Дағдарыстың негізгі себебі — биліктің Meta, YouTube, X, Reddit және LinkedIn сияқты бірқатар әлеуметтік желілердің жұмысын тоқтатуы. Себебі бұл платформалар елдің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінде тіркелмеген.

Бұл шешім қоғамда, әсіресе жастар арасында үлкен наразылық туғызды. 8 қыркүйектен бастап Катманду мен өзге де қалаларда «Z буынының революциясы» аталған жаппай шерулер басталды. Қақтығыстар кезінде 19 адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланды.

Сейсенбі күні билік әлеуметтік желілерге салынған тыйымды алып тастап, арнайы комитет құрылғанын мәлімдеді. Ол 15 күн ішінде орын алған оқиғаларды зерттеп, жаңа толқулардың алдын алу үшін ұсыныстар дайындауы тиіс.

Оқи отырыңыз...

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

Қытай сарапшылары: «Қазақстан — Еуропаға ашылған стратегиялық қақпа»

20.07.2026

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.