Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт жүлде иеленді

05.09.2025
Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Біздің оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды: күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.

Команданы тәжірибелі тәлімгерлер дайындады: Әлімжан Аманов, PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры; Батыр Сардарбеков, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау чемпионы.

EJOI-2025 қорытындылары қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін және отандық бағдарламалау мектебінің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.