Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Алматыда Қазақстандағы алғашқы цифрлық медицина орталығы ашылды

04.09.2025
Алматыда денсаулық сақтау саласындағы негізгі қызметті біріктірген заманауи Almaty Digital Medical Center – Цифрлық медицина орталығы ашылды. Орталық денсаулық сақтау көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіп, талдамалық деректі басқармаға жолдайды. Мұндай дерек басқарушылық шешім қабылдау үшін пайдаланылады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Орталықта азаматтардың медициналық мәселесіне қатысты өтінішін қабылдайтын 1312 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Оның арқасында емхана жүктемесі азайып, дәрігерлер пациентке көбірек уақыт бөле алады. Сондай-ақ жоғалған қоңырау саны айтарлықтай қысқарады.

Орталықта телемедициналық патронаж және жасанды интеллект негізіндегі дауыс көмекшілері енгізілген. Олар пациентті қашықтан бақылауға, мамандардың онлайн-консультациясын ұйымдастыруға, сондай-ақ қала тұрғындарын скрининг, вакциналау және тексеруге автоматты түрде шақыруға көмектеседі.

«Бірінші желіде медициналық білімі бар мамандар, ал екінші желіде – лицензиясы бар білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Олар консультацияға жедел қосылып, онлайн-режимде кез келген клиникалық мәселені тез шеше алады», – деп түсіндірді бас директор Василий Мясников.

Мамандардың айтуынша, Almaty Digital Medical Center – медицина мен халықтың жаңа деңгейдегі өзара әрекеттестігі, ол қалалықтар үшін көмекті қолжетімді етіп, денсаулық сақтау жүйесінің ресурсын үнемдейді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.