Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Әлем жаңалықтары

Трамп өзінің өлімі туралы қауесеттен кейін ел алдына шықты

03.09.2025

Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше аптаға созылған үнсіздіктен кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты. Кейінгі уақытта оның денсаулығы нашарлағаны, тіпті қайтыс болғаны туралы түрлі қауесеттер тараған еді.

Президент журналистермен Ақ үйдегі кабинетіндегі баспасөз жиынында кездесті.

«Мен екі күн ештеңе істемедім, ал жұрт мен туралы бірден жаман әңгіме шығара бастады»,  деді Трамп әзіл аралас пікір білдіріп.

Қауесеттер тамыздың соңында X әлеуметтік желісінде кеңінен тараған. #TrumpIsDead хештегі бірнеше сағат ішінде танымал болып, мыңдаған жазба жарияланды.

Сол күні-ақ аты-жөнін атамаған америкалық шенеунік Axios журналисі Барак Равидке президенттің жағдайы жақсы екенін, ол сол күні гольф ойнап жүргенін айтқан.

Әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар күшейді. Кейбіреулер АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің қажет болған жағдайда президенттің міндетін атқаруға дайын екенін мәлімдеуін дәлел ретінде келтірді. Ал басқалары Трамптың қолындағы көгерген даққа назар аударып, оны королева Елизавета II-нің қайтыс болар алдындағы белгілермен салыстырды.

Президенттің өзі ел алдына шығып, денсаулығына қатысты күмәнді әңгімелерді жоққа шығарды. Осылайша, Трамптың қайтыс болғаны туралы қауесеттердің жалған екені ресми түрде расталды.

Оқи отырыңыз...

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

Қытай сарапшылары: «Қазақстан — Еуропаға ашылған стратегиялық қақпа»

20.07.2026

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.