Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Алматыдан жаңа туристік пойыздар жолға шығады

02.09.2025

Алматы қаласынан бастау алатын үш туристік пойыз бағыты іске қосылады. Бағыттардың ұзақтығы бес-жеті күнге созылады. Туроператорлар жолаушыларға экскурсиялық бағдарлама, заманауи вагондарда жайлы орналастыру, ішінара тамақтану мен көлік қызметтерін қамтитын пакеттерді ұсынып отыр.

Алғашқы бағытты Khan-Turan Travel компаниясы 21 қыркүйектен бастап жүзеге асырады. Бұл пойыз Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Бұқара қалаларын қамтиды. Жолаушылар үшін Тараз және Шымкент стансаларында қосылу немесе түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Екінші бағытты Turan Kazakhstan Travel 26 қыркүйекте жолға шығарады. Ол Самарқанд, Бұқара, Ташкент және Түркістан қалаларын аралап, Алматыға қайта оралады.

Үшінші бағытты Skyway компаниясы 30 қыркүйекте іске қосады. Пойыз Алматыдан шығып, Түркістан, Самарқанд, Бұқара және Ташкент арқылы өтіп, бастапқы нүктесіне қайтады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ тарихи-мәдени мұраны кеңінен танытуға және өңірлік туризмді дамытуға зор ықпал етеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.