Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жамбыл облысында агродрондар өндірісі жолға қойылды

27.08.2025
«UNICROP» ЖШС Жамбыл облысында агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосты. Жаңа жоба Қазақстанның инновациялық ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам және елдің агроөнеркәсіптік кешеніне озық технологияларды енгізуге ықпал етеді. Өндіріс жылына 500–1000 агродрон құрастыруға есептелген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Негізгі мақсаты – фермерлер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дәл егіншілікке арналған заманауи шешімдермен қамтамасыз ету. Оған егістіктерді тиімді бүрку, тыңайтқыш енгізу, мультиспектралды камераларды пайдалана отырып өсімдіктердің жағдайын бақылау кіреді.

UNICROP компаниясының агродрондарын пайдалану су, тыңайтқыш және жанар-жағармай шығындарын азайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, механизация мен қол еңбегіне жұмсалатын шығындарды қысқартуға, топырақты таптау мен өсімдіктерді зақымдауды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын агродрон пилоттарын даярлау бойынша оқыту жұмыстарын да ұйымдастырады.

2025 жылы компания 50–60 дрон сатуды, ал 2026 жылы кемінде 150 бірлікті іске асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда егістік алқаптарын өңдеу қызметтерінің ауқымы кеңейтіледі. Қазіргі уақытта Қызылорда және Түркістан облыстарының дилерлерімен келіссөздер жүргізілуде.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.