Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті

20.08.2025
Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Қаладағы барлық бес ауданда кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар күл-қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Әл-Фараби ауданының Терiскей шағын ауданындағы №33, 35 және 37 тұрғын үйлердің аулалары ретке келтіріліп, балалар ойын алаңдары мен жасыл аймақтар тазартылды. Тұрғындар мен коммуналдық қызмет мамандарының бірлесе атқарған жұмысы нәтижесінде көпқабатты үйлер ауласы жаңа келбетке ие болды.

Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты арттырады.

«Табиғат – біздің аманатымыз. Әрбір аула мен көше, саябақтың таза болуы – келер ұрпаққа қалдыратын мұрамыз. Бүгінгі сенбілік – экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Сондықтан мұндай бастамаларға барша тұрғындардың қатысуы қажет», – дейді акцияға белсенділік танытқан қала тұрғындары.

Абай ауданында Ақжайық шағын ауданындағы Асфендияров көшесінің бойы тазаланса, Еңбекші ауданында №30 мектеп маңы ретке келтірілді. Қаратау ауданында Нұртас шағын ауданындағы Кеңжарық және Құлагер көшелерінің бойы күл-қоқыстан аршылып, Тұран ауданында Темірлан тас жолының бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулалары абаттандырылды.

Тазалық жұмыстарына қала жастары да белсенді түрде қатысты. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көптеген волонтер мен қала жастары экологиялық шараға белсенді атсалысып, өз үлесін қосты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.