Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«QYZYLORDA JASTAR FEST» МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

19.08.2025

Қаламызда халықаралық жастар күніне орай, «Qyzylorda Jastar Fest» мерекелік гала-концерті өтті.

Мерекелік кеш шығыс жастарының жалынды жетекшісі болған Ғани Мұратбаев ескерткішіне тағзым гүлін қою рәсімімен бастау алды. Бұл – тарихқа тағзым, ұрпаққа өнеге, алға жетелейтін ұлы мұраттарды дәріптеудің айқын белгісі.
Әрі қарай шара спорттық сайыстармен жалғасып, белсенді жастар өз күш-қайратын, ептілігін ортаға салды. Әсіресе, қала жастарының ынта-жігерімен өткен спорттық жарыстар олардың ұйымшылдығын, салауатты өмір салтын ұстануға деген құлшынысын көрсетіп берді.
Кештің ең әсерлі бөлігі – концерттік бағдарлама болды. Аймақтың белгілі әншілері мен би топтары сахнаға шығып, көрермен қауымға шаттық пен қуаныш сыйлап,. заманауи әуендер мен ұлттық нақыштағы әндер үйлесім тауып, көрерменді бір сәтте ерекше атмосфераға бөлеген концертте Қызылорданың жас өнерпаздары өз дарындарын паш етіп, Сыр өңірінің өнерге бай екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сонымен қатар, кеш барысында түрлі байқаулар мен заманауи би сайыстары ұйымдастырылып, қала жастары өз өнерін ортаға салды. Жеңімпаз атанған жас таланттар мен қоғам өмірінде белсенділігімен танылған жастарға қала әкімінің арнайы алғыс хаттары табысталды. Бұл – олардың еңбегіне берілген әділ баға әрі болашаққа деген ынтасын арттыратын маңызды марапаттардың бірі.
«Qyzylorda Jastar Fest» – жай ғана мерекелік концерт емес, ол – жастардың басын қосқан, өнер мен спортты ұштастырған, болашаққа сенім сыйлаған үлкен алаң. Бұл шара жас буынның қоғамдағы орнын айқындап, олардың жаңашыл бастамаларына қолдау білдірген маңызды қадам ретінде тарихта қалары анық.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.