Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Басты жаңалықтар

Үкімет Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді

04.08.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде инфрақұрылым жүйелі түрде жаңғыртылуда. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Үкімет резервінен шамамен 2,5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

№2 жылу магистралін реконструкциялау жобасы шеңберінде ЖЭО коллекторынан бастап «Сити Центр» сауда үйі маңайына дейін төменге түсіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы басталды. Жылу магистралінің бұл учаскесі 1987 жылы пайдалануға берілген. Осы кезеңде көтергіш темірбетон конструкциялары, бекіту арматурасы біршама тозды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған учаскеде реконструкциялау жұмыстары 2025-2026 жылдары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.

Жобаны жүзеге асыру жылу желілерінің тозуын азайтуға, ыстық су берудің өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Орал қаласының жылу магистралды желілерінің ұзындығы – 249 шақырым. Нысан өткен ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта тозу деңгейі 50%-ды құрайды. Инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.