Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын өзі тексерді

04.08.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов алдын ала ескертусіз «Астана» өңірлік қолбасшылығының  Қарағанды гарнизонындағы 31775 әскери бөліміне келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс ведомствосының басшысы жұмыс сапары барысында қызметтің ұйымдастырылуын, казармалар мен санитарлық аймақтардың жай-күйін, сондай-ақ, тамақтану сапасын тексерді. Мерзімді қызмет сарбаздарын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Әскери қызметшілермен әңгімелескен министр олардың тұрмыстық жағдайларына, туыстарымен байланысу мүмкіндігіне және бөлімшелердегі моральдық ахуалға қызығушылық танытты. Жабдықтаудың тұрақтылығын атап өткен жеке құрам көрсеткен қамқорлығы үшін қолбасшылыққа алғысын білдірді.

Сарбаз асханасындағы түскі ас кезінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов дайындалған тағамдардың әр алуандығы мен сапасын жеке бағалады. Сапар қорытындысы бойынша қолбасшылыққа күнделікті қызметті ұйымдастыруды жақсарту және тәртіпті нығайту туралы нақты нұсқаулар берді.

– Мұндай сапарлар объективті көрініске көз жеткізуге,кемшіліктерді тез анықтап, туындаған мәселелерді оң шешуге мүмкіндік береді. Бұл ұжымдағы өзара түсіністік пен бірлікті және бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттырады, – деп атап өтті министр.

Қорғаныс министрінің айтуынша, мұндай күтпеген тексерулер әскери қызмет стандарттарын арттыру және тұрақты мониторинг мақсатында жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.