Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

2024 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсуін алдын ала бағалау 5%-ға дейінгі арттыру жағына қарай қайта қаралды

01.08.2025
ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес, ел экономикасының қорытынды өсуі 2024 жылғы қорытынды бойынша 5%. Бұдан бұрын, ЖІӨ өсуі алдын ала 4,8%-ға бағаланған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

ҰСБ ақпараты бойынша, 2024 жылғы экономикалық өсу едәуір деңгейде мұнайға жатпайтын сектордың дамуы арқылы қамтамасыз етіліп отыр.

Тауар өндірісі 6,3%-ға артып (алдын ала дерек -5,5%), қызмет көрсету секторы 4,6%-ға өсуді көрсетті. Өзекті фактордың бірі өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 6,8%-ға (бұрын -5,9%) өсуі. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Құрылыс секторы 15,3%-ға (бұрын — 13,1%), ауыл шаруашылығы 13,7%-ға (бұрын — 13,3%) айтарлықтай үлес қосты.

Байланысты салалар да оң серпін көрсеткен. Ішкі сауда көлемі 8,9%-ға (бұрын — 8,8%), көлік пен қоймалау қызметі 9,4%-ға (бұрын — 8,5%) артты.

Қол жеткізілген нәтиже нақты секторды қолдау, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен қаржы құралына қол жеткізуді арттыру шарасының арқасында жүзеге асты.

Экономикалық саясатты кешенді іске асыру ішкі сұранысты нығайтуға, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне, өндірістік әлеуетті арттыруға ықпал етті.

Осылайша, маңызды салалардағы, әсіресе, тау-кен өнеркәсібінің (12%) үлесінен асып түсетін ЖІӨ 12,4%-ы —өңдеу өнеркәсібіндегі оң серпін есебінен экономиканың одан арғы орнықты өсуі мен әртараптандырылуына негіз жасалды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.