Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

31.07.2025
Жаңақорған ауданында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда газбен қамтылған елді мекендер саны артып, жаңа ауылдарға газ жеткізу үшін құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Бұл — өңір халқының тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитов мәлімдеді.
— Қазіргі таңда 8 елді мекен газдандырылып, аудан халқының 52 пайызы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Биыл тағы 7 елді мекен — Сунақата, Еңбек, Екпінді, Қожамберді, Ақжол, Ақсуат және Өзгент ауылдарын газбен қамту жұмыстары басталды. Аталған жобалар аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіш 65 пайызға дейін өседі. Ал елді мекендер бойынша қамту деңгейі 23 пайыздан 43 пайызға жетеді. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің батыс жағалауында орналасқан Қожакент, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже, Билібай, Ақжол, Ақсуат және Өзгент ауылдарын газдандыру мақсатында қажетті құжаттамалар әзірленіп, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Бұдан бөлек, Бесарық ауылына автоматты газ тарату станциясын орнату және Түгіскен елді мекеніне дейін жоғары қысымды газ құбыры мен ауылішілік желілерді тарту бойынша жоба әзірленуде. Бұл жоба жүзеге асқанда, 13 елді мекен — Түгіскен, Келінтөбе, Қаратөбе, Қандөз, Қалғансыр, Қашқанкөл, Көктөбе, Бесарық, Кеңес, Бесарық бекеті, Манап, Талап бекеті және Аққұм ауылдарына көгілдір отын жеткізіледі. Газдандыру — тұрғындар үшін ең өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жалғастырамыз, — деді Мәжит Самитұлы.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.