Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

30.07.2025
Шағын қалалар мен аудан орталықтарында және елді-мекендерде 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ол қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтуға, балалардың оқу мен тәрбиесіне жайлы жағдай жасауға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жеті негізгі бағытты қамтиды. Осы жұмыстар аясында 2025 жылы 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді. Бұл шамамен 300 мың балаға заманауи және қолайлы кітапхана кеңістігін пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

«Мемлекет жыл сайын білім беру инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Мектеп кітапханаларын жаңғырту аясында автоматтандырылған кітапхана жүйесі енгізілуде, коворкинг-аймақтар ашылып, күрделі жөндеу жүргізіледі, жиһаздар жаңартылуда», – деді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.

Мектептерде кітаптарды автоматты түрде есепке алатын және жедел іздейтін RFID технологиясы енгізілуде, ал 20-дан астам кітапханада сканерлеуші роботтар жұмыс жасайды. 2023 жылдан бастап «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қоры 1,6 миллион дана көркем әдебиетпен толықты. Бүгінде жалпы кітап қоры 141 миллион данадан асады.

Кадр даярлауға ерекше көңіл бөлінуде: тек 2024 жылы 1 775 мектеп кітапханашысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ал 2025 жылы оқу жалғасады. Бұл — мектеп кітапханаларын балалар үшін шынайы білім мен қарым-қатынас орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.