Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қаламызда Халықаралық шахматшылар күніне орай Шахматшылар фестивалі өтті

29.07.2025

20 шілде – Халықаралық шахмат күні болып 1966 жылдан бастап тойланады. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. Шахматтың тарихы бір жарым мың жылдан асады. Шахмат біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырда Үндістанда пайда болған. Ал 1886 жылы шахматтан алғашқы әлем чемпионаты өтті. Ойынның қазіргі аты парсы тілінен аударғанда «шах мат» – «билеуші өлді» деген мағынаны білдіреді. Бұл ойынды жер шарының 25% тұрғыны ойнайды екен.

Осы айтулы күнге орай орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет отбасылық шахмат турнирі өтті. Орталық алаңда өткен тартысты турнир қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Мұндай сайыстар шахмат өнерінің дамуына тың серпін берері анық.
Турнир барысында қатысушылар «Үздік стиль», «Чемпиондар мен сеанс», «Отбасылық турнир» сияқты бірнеше номинация бойынша бақ сынасты. Отбасылық командалар арасындағы интеллектуалды бәсеке ерекше әсерге толы болды.
Шарада қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Думан Қонысбайұлы қатысушыларға сәттілік тіледі. Бөлім басшысының міндетін атқарушы шахматтың тек спорт түрі ғана емес, отбасылық береке мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын құрал екенін атап өтті.

Шахмет турниріне 30-ға жуық командадан құралған, 60-тан астам отбасы мүшелері қатысты. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай және бағалы сыйлықтар табысталды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.