Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Еліміздегі эндаумент қорлардың қызметі заңмен реттеледі

22.07.2025
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 30 маусымда «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент қорлар (нысаналы капитал) туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес эндаумент қорлары университеттерге ғылыми зерттеулер жүргізуге және ҒЗТКЖ-ға жеке инвестицияларды тартуға қолдау көрсетудің негізгі элементтерінің біріне айналуға тиіс. Заңды әзірлеу кезінде эндаумент-қордың үздік тәжірибесі бар елдердің тәжірибесі ескерілді. Ең сәттісі ретінде америкалық эндаумент қорларының үлгісі негізге алынды. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Оның хабарлауынша, АҚШ-тағы эндаумент қорлар америкалық университеттердің тұрақтылығы мен әлемдегі көшбасшылығының іргетасына айналды. 2023 жылы америкалдық колледждер мен университеттердің қорларында жинақталған қаражаттың жалпы сомасы 839 млрд долларды, ал қордың орташа мөлшері 1 млрд долларды құрайды.

«Жеке заңның қажеттілігі эндаумент қорларының екіжақты табиғатымен байланысты – бір жағынан қайырымдылық, екінші жағынан инвестициялық қызметті біріктіріп, оны бір заң аясында реттеу қажет болды. Қазақстанда 22 эндаумент қоры бар. Олардың барлығы дерлік қарапайым қайырымдылық қорлары ретінде жұмыс істейді, орташа мөлшері 1 млрд теңгеден төмен. Заңды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының өзегін қолданыстағы эндаумент қорларының өкілдері құрады. Топтын қатарына халықаралық сарапшылар, соның ішінде Дүниежүзілік банк, эндаументтердің кәсіби қауымдастықтары, шетелдік ЖОО мамандары тартылды», – деді спикер.

Эндаумент қорының құрылымы барлық коммерциялық емес ұйым үшін стандартты болып табылады. Құрылтайшылар қамқоршылық кеңестің бірінші құрамын іріктеп, оған жоғарғы басқару органының барлық өкілеттіктерін толығымен жүктеп береді, оның ішінде оның құрамындағы болашақ өзгерістерді бекіту, атқарушы органды анықтау, инвестициялық және шығыс саясатын қабылдау сынды тетіктер бар.

Қамқоршылық кеңес қоғамға еңбек сіңірген, абыройлы және жоғары беделі бар азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерінен құрылады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.