Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАМАНАУИ КІРПІШ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

17.07.2025

Бүгін Қызылорда қаласының Қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдық мерейтойы аясында «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің заманауи кірпіш зауытының ашылу рәсімі өтті. Рәсімге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және зиялы қауым өкілдері, өңір кәсіпкерлері арнайы қатысты.

Аймақ басшысы жиналған қауымды заманауи кірпіш зауытының ашылуымен құттықтап, өңірдің өнеркәсіп саласындағы жұмыстарға тоқталды. «Біз аймағымыздың экономикасын әртараптандыру арқылы жоғары өнімді, экспортқа бағдарланған шикізаттық емес өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған жұмыстарды кезең-кезеңімен атқарудамыз. Бұл бағытта алдағы бесжылдықта құны 2 трлн. теңгені құрайтын 89 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 11 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде. Биыл 27 жобаның іске қосылуы жоспарланған. Оның ішінде түрік инвесторы «Акса Энерджи» компаниясының жаңа жылу-электр орталығы, қазір ашылатын заманауи кірпіш зауыты, қиыршық тас, айна өндірістері бар. Өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында құны 553 млрд. 600 млн. теңгені құрайтын 14 жобаның құрылысы басталуда.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жергілікті өнім өндірушілердің құрылыс материалдарының әлеуетін барынша пайдалану маңызды. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қолдайды», – деген болатын.
Өткен жылдың қараша айында іргесі қаланған кірпіш зауытының құрылыс жұмыстары қысқа мерзімде аяқталып, бүгін алғашқы өнімін шығаруда. Баршаңызды облысымыз үшін индустриялық, әлеуметтік, экологиялық тұрғыда тиімді жоба – заманауи кірпіш зауытының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздегі ең ірі кірпіш зауыттарының бірі облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, құрылыс нысандарының сапасын арттыруға зор үлес қосады деп сенеміз»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Салтанатты шарада ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетұлы, Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйледі. Зауыт құрылысына атсалысқан азаматтар облыс әкімнің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, қараша айында құрылысы басталған «Қызылорда Саз-М» кірпіш зауыты қысқа мерзімде іске қосылып, алғашқы өнімін шығарды. Жобаға 5 млрд. теңге инвестиция тартылып, 7 гектар жер телімі бөлінді.
Зауыттың басты ерекшелігі – өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Экологиялық жағынан да тиімді, яғни басқа кірпіш зауыттарындағыдай көмірмен күйдірмейді. Жаңа технологиялар өндірістің тиімділігін арттырып, өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Жылына 90 миллион кірпіш өндіруге есептелген кәсіпорын толық іске қосылғанда 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.