Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Елімізде 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіліп жатыр

16.07.2025

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыс әкімдіктері қазіргі таңда 19 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде Ақмола, Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы үш нысанда жұмыстар аяқталды. Ал Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында зерттеу жалғасуда.

Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында биыл әкімдіктер 10 облыста 105 гидротехникалық нысанды зерттеуді жоспарлап отыр. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жалпы 2028 жылдың соңына дейін 557 гидротехникалық нысанға зерттеу жүргізу жоспарланған. Көпфакторлы зерттеу объектінің және оның жабдықтарының техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін нақтылауға мүмкіндік береді. Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі 14 облыста 84 нысанда көпфакторлы зерттеу жүргізді. Бұл жоспарланғаннан да артық», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.