Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚАРҚЫНДЫ ЖАҢАРУДА

15.07.2025
Қызылорда облысындағы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі — Шиеліде әлеуметтің әлеуетін арттырып, халық игілігіне бағытталған іргелі жобалар жүйелі жүзеге асуда. Осыған орай республикалық және жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған арнайы баспасөз туры ұйымдастырылып, жаңадан ашылған әлеуметтік нысандар мен құрылысы қарқынды жүріп жатқан жобалардың барысы таныстырылды.
БАҚ өкілдері сапарын қаңтар айында есігін айқара ашқан «Руханият орталығынан» бастады. Құны 1,6 млрд теңгені құрайтын орталық — ауданның мәдени-рухани өміріне серпін беретін маңызды нысан. Екі қабатты заманауи ғимаратта түрлі шығармашылық және зияткерлік бағыттағы үйірмелер мен кездесулер ұйымдастырылып, тұрғындардың мәдени қажеттілігіне қызмет етеді. Жаңа орталық — Шиелінің рухани тынысын ашатын, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қызмет ететін ордаға айналмақ.
Келесі бағыт — 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебінің құрылысы болды. Бүгінде нысанның 50 пайызы аяқталып, құрылыс жоспарға сәйкес қарқынды жүруде. Бұл қос білім мен өнер ордасы қыркүйек айында толықтай пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде аудан балаларының шығармашылық әлеуетін арттырып, қосымша білім алуына зор мүмкіндік ашады.
Бұдан бөлек, баспасөз туры барысында журналистер «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған бизнес-инкубатордың жұмысын көрді. Сондай-ақ, 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы, аудандық аурухана жанындағы МРТ орталығы, спорт кешені мен күрделі жөндеуден өтіп жатқан Ы.Алтынсарин атындағы мектептің де құрылыс барысымен танысты. Аудан орталығындағы негізгі көшелерді, алаңдарды, вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ.
Шиелі ауданында атқарылып жатқан бұл жұмыстар — елді мекеннің экономикалық қарқынын арттырып, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар. Жаңадан бой көтерген әрбір нысан — ел игілігіне қызмет ететін, өңірдің өрісін кеңейтетін маңызды бастама.
Келешекте де Шиелі жұртшылығының өмір сапасын арттырып, инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатыны сөзсіз. Әлеуметтік серпінге жол ашқан осындай жобалар — ауданның дамуына серпін беріп, тұрғындардың жарқын болашағына негіз болмақ.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.