Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жыл басынан бері «Күміс жас» жобасы аясында 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды

14.07.2025

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Күміс жас» жобасы бойынша 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы осы бағыт бойынша барлығы 23,8 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны келесі облыстарда байқалады: Алматы – 1 118 адам, Жамбыл – 1 032 адам, Ақтөбе – 1 007 адам, Қарағанды – 1 004 адам және Жетісу облысында – 1 040 адам.

Қатысушылардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында – 36%, қызмет көрсетуде – 23%, қоғамдық тамақтандыруда – 21% жұмыспен қамтылған.

Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті.

Жобаға қатысу ұзақтығы 36 айдан (3 жыл) аспайды және осы уақыт аралығында қатысушылардың жалақысы мемлекет тарапынан субсидияланады.

«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба аясында жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

Көптеген қазақстандықтар жоба туралы оң пікір білдіруде.

Солардың бірі – Ақтөбе облысының тұрғыны Алевтина Пелехань «Күміс жас» жобасы бойынша жаңа жұмыста зейнеткерлік жасқа дейін екі жыл жұмыс істеп, лайықты демалысқа шықты.

«2023 жылы жұмыс іздеп, мансап орталығына хабарластым, онда маған «Күміс жас» жобасына қатысуды ұсынды. Жолдама бойынша «Құрылыс-Мұғабия» ЖШС-не құжат маманы болып жұмысқа орналастым. Ал ақпан айында зейнеткерлік жасқа толып, зейнетке шықтым», – деп өткенімен бөлісті ол.

Ақтөбе облысында 2025 жылы «Күміс жас» жобасы бойынша 1 205 адамды жұмысқа орналастыру жоспарда бар.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.