Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025
Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту және инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Диқан ауылдық округінде заманауи кірпіш зауыты іске қосылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Кәсіпорын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор әсер етеді. Құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Зауыт жылына 36 млн дана күйдірілген кірпіш шығара алады. Өндіріс ошағында 3 адам тұрақты жұмыс істейді, ал маусымдық кезеңде жұмысшылар саны 15 адамға дейін көбейеді.

Зауыттың құрал-жабдықтары Қытай Халық Республикасынан сатып алынған. Барлық жұмыс автоматты түрде атқарылады. Алдымен топырақ, су және көмір арнайы станокта араластырылады. Кейін қоспа тығыздалып, кірпіштің пішініне келтіріледі. Бұдан соң кірпіштер пешке салынып, 400 градус ыстықта кептіріледі. Кейін 800 градус температурада күйдіріледі. Суыған кірпіштерді арнайы роботтар жинап, реттейді.

Дайын өнімдер еліміздің барлық өңіріне жеткізіліп, жақын шетелдерге де экспортталады.

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстың негізгі капиталына 245,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,5 пайызға артық.

Биыл 115 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылады деп күтілуде.

Былтыр жалпы құны 214 млрд теңге болатын 35 инвестициялық жоба іске қосылып, 1 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

2025-2028 жылдар аралығында облыста жалпы құны 3,5 трлн теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.