Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

04.07.2025
Елорда күні мерекесі аясында Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шара 8 шілдеде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау рәсімі 8 шілде күні сағат 19:00-де басталады. Салтанатты шара аясында концерттік бағдарлама қойылады.

Биыл елордада тұратын 19 үздік отбасыға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табысталады.

«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қорытынды марапаттау рәсіміне дайындық аясында елордада қалалық және аудандық комиссиялардың отырыстары өтті. Сол отырыстарда ең белсенді және үлгілі отбасылар іріктелді. Нәтижесінде Астананың жеңімпаздары, елорданың алты ауданының үздік отбасылары және түрлі аталымдар бойынша 12 лауреат анықталды.

Биыл байқауға қатысуға рекордтық көрсеткіште өтінім түсті – елорданың 255 талантты әрі лайықты отбасы өз дәстүрлері, салт-дәстүрлері мен жетістіктерімен бөлісті.

«Мерейлі отбасы – 2025» байқауы – бұл тек жарыс қана емес, отбасы бірлігін, ұлттық дәстүрді ұлықтайтын рухани мереке. Ол қоғамға әрбір отбасының ерекше екенін көрсетіп, жас ұрпаққа өнеге боларлық үлгі ұсынады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.