Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Әйелін жұмыс орнында әріптесінің көзінше өлтірген қылмыскер сотталды

01.07.2025

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Қылмыстық іс дерегіне сәйкес, ер адам бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталды, – деп хабарлайды  Ulysmedia.kz сайты.

“Мой город” порталының мәліметінше, қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған. Айыпталушы бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасаған. Қайғылы оқиға болған сәтте әйел қалалық емханада заңгер болып жұмыс істеген.

INSTAGRAM-ДАҒЫ ДАУ

Іс материалдарына сәйкес, сол күні әйел Instagram әлеуметтік желісінде бұрынғы күйеуімен хат алмасқан. Біраз уақыттан кейін олар сөзге келіспей қалған. Сол сәтте айыпталушы ашуға мініп, болмашы себепті сылтауратып, бұрынғы әйелін өлтіруге бел буған. Ол қалтасына жиналмалы пышақ салып, зардап шеккен әйелдің жұмыс орнына келген және оның қызметтік кабинетіне кірген.

– Кабинетте бұрынғы әйелімен қатар оның әріптесі болғанына қарамастан, айыпталушы бірден әйелге жақындап, қолымен басынан ұрған. Жанындағы әріптесі араша түскенде, айыпталушы қоғамдық орында қалтасынан жиналмалы пышақты шығарып алған. Сол сәтте әйелдің әріптесі өз өміріне қауіп төнген соң, көмекке шақыру үшін сыртқа жүгіріп шыққан. Осы кезде ер адам жәбірленушінің мойнының сол жақ жоғары тұсына бір рет және сол жақ кеуде тұсына бір рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен, – делінген сот үкімінде.

Зардап шеккен әйел алған жарақатынан есін жимастан сол жерде қаза тапқан. Күйеуінің кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айтқандарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға орнын қарау хаттамасымен және заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді.

СОТ ҮКІМІ

Айыпталушы өз кінәсін тек жартылай мойындаған. Сот оны кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол жәбірленуші тарапқа моральдық зиян ретінде 15 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.