Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Әлем жаңалықтары

Ұлыбритания АҚШ-тың Иранға бағытталған соққыларын қолдап отыр

23.06.2025

Бұл туралы елдің премьер-министрі Кир Стармер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Ол АҚШ-тың іс-әрекетін дұрыс деп санайды, яғни Иранның ядролық нысандарына жасаған соққылары қауіп-қатерді жояды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Стармердің сөзінше, Ирандағы ядролық қару жасаудың ықтимал дамуы әлем елдеріне қауіп төндіріп отыр.

– Иранның ядролық бағдарламасы халықаралық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіреді. Иранға ядролық қару жасауға ешқашан рұқсат берілмеуі керек, ал АҚШ бұл қатерді жою үшін тиісті шара қабылдады, – дейді ол.

Стармер өз сөзінде өңірдегі жағдайды тұрақтандырудың маңыздылығына да тоқталады. Сонымен қатар, Тегеранды дипломатиялық келіссөздерге қатысуға үгіттейді.

– Таяу Шығыстағы жағдай әлі де тұрақсыз. Өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету – басты міндет. Біз Иранды келіссөздер үстеліне қайта отыруға және бұл дағдарысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық шешім қабылдауға шақырамыз, – деп сөзін жалғады Кир Стармер.

Британдық The Telegraph газеті «Ұлыбритания АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған әуе шабуылдарына қатыспаған, десе де премьер-министр Стармер бұл операция жоспарлары туралы алдын ала хабардар болған» деп жазды.

Осыған дейін Иран АҚШ-тың жасаған соққыларына жауап беріп, уран байытуды тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Ал Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) бұл әрекет Иран мен Израиль арасындағы зымыран және дрон шабуылдарының одан әрі ушықтыратынын, енді қақтығыстың толыққанды соғысқа айналғанын хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылына қатысты көзқарасын жария еткен еді.

Оқи отырыңыз...

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

Қытай сарапшылары: «Қазақстан — Еуропаға ашылған стратегиялық қақпа»

20.07.2026

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.