Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Әлем жаңалықтары

Иран АҚШ-ты халықаралық құқықты өрескел бұзды деп айыптады

23.06.2025

АҚШ БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзды. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, Иранның бейбіт ядролық нысандарына жасалған шабуыл – өрескел әрекет.

«Бейбіт ядролық нысандарымызға жасалған агрессия АҚШ-тың Израильдің Иранға қарсы әскери шабуылын жоспарлауға және жүзеге асыруға қылмыстық түрде қатысқанын әшкереледі», – делінген мәлімдемеде.

Ол сондай-ақ бұл жағдайдың алдағы уақытта күрделі салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Министр Иран өз ұлттық мүдделерін қорғау үшін барлық мүмкін шараны қолдану құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.

Ал Иран Атом энергетикасы ұйымының басшысы Мохаммад Эслами МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гроссиге хат жолдап, ұйымды әрекетсіздік пен бейқамдық танытты деп айыптады. Сондай-ақ АҚШ-тың әрекетін ресми түрде айыптауға шақырды.

Еске салайық,  22 маусымға қараған түні АҚШ әуе әскери күштері  Фордо, Натанз және Исфахандағы нысандарға шабуыл жасаған еді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.