Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді

20.06.2025

Елімізде тұрғын үй салу көрсеткіші биыл да серпін көрсетіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында ел көлемінде 12 мың тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілген. Соның ішінде 567-сі – көпқабатты үйлер, 11 430-ы – жеке тұрғын үйлер, ал 16-сын – жатақханалар құрап отыр.

Осы кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 6 млн 21,3 мың шаршы метрге жеткен. Бұл – 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға артық көрсеткіш. Оның ішінде 3 млн 854,7 мың шаршы метр – көпқабатты тұрғын үйлер, 2 млн 126,7 мың шаршы метр – жеке үйлердің үлесінде.

Аймақтар арасындағы көшбасшылар қатарында Астана қаласы бар – елордада 1 млн 505,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Алматыда бұл көрсеткіш – 1 млн 138,8 мың шаршы метр, ал Алматы облысында – 463 мың шаршы метрді құрап отыр.

Биыл құрылыс саласында жоғары өсім көрсеткен өңірлер де белгілі болды. Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы былтырғы кезеңмен салыстырғанда 25,5 пайызға артса, Шымкент қаласында – 23,4 пайызға, Алматы облысында – 20,4 пайызға ұлғайған.

Жалпы ел көлемінде салынып, ел игілігіне берілген тұрғын үйлердің 94,1 пайызы немесе 5 млн 663,3 мың шаршы метрі – жекеменшік құрылыс компанияларының үлесінде. Оның ішінде халық өз күшімен 2 млн 175,3 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызып, баспана мәселесін өз бетінше шешіп жатқанын аңғартады.

Саладағы оң үрдіс тек тұрғын үймен шектелмейді. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 2025 жылдың алғашқы бес айында 2 трлн 1 млрд теңгеге жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15,4 пайызға өскен. Бұл өсім елдің 18 өңірінде тіркеліп отыр.

Аталған мәліметтер тұрғын үй мен құрылыс саласының ел экономикасындағы әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды. Халықтың баспанамен қамтылуы мен құрылыс индустриясының серпінді дамуы – мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы мен экономикалық ілгерілеуінің маңызды көрсеткіші.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.