Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді

20.06.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы астық қоры 8,6 млн тоннаны құрады. Бұл көлем ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыруға жеткілікті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздегі астық көлемі — 8,6 млн тонна, оның ішінде азық-түлік астығы — 7,3 млн тонна. Бидай көлемі — 7,4 млн тонна, соның ішінде: 2,7 млн тонна — өсімдік шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалардың иелігінде, 2,6 млн тонна — элеваторларда, 818 мың тонна — ұн тарту және жарма кәсіпорындарында, 167 мың тонна — көтерме саудагерлер мен басқа да иелердің қарамағында.

Бұл көрсеткіштер астық нарығының тұрақты екенін, ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, белгіленген көлемде экспортты жалғастыру мүмкіндігін де көрсетеді.

2024 жылы елде рекордтық астық жиналды — өңдеуден кейінгі салмақта 25,2 млн тонна, оның ішінде 18,6 млн тоннасы — бидай. Бүкіл маркетингтік жыл бойы ұн тарту және мал шаруашылығы салалары үшін қолайлы баға сақталды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азық-түлік корпорациясының қоймаларында 1,2 млн тонна астық бар, оның ішінде 1 млн тоннасы — азық-түлікке арналған. Қажет болған жағдайда ұн тарту кәсіпорындары Азық-түлік корпорациясына жүгіне алады.

Осылайша, Қазақстанның астық нарығы тұрақты күйде, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетін қолдайды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.