Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Әлем жаңалықтары

Франциямен авиациялық байланыс нығайды

20.06.2025

Авиациялық билік басшыларының кеңесі аясында Қазақстан мен Франция азаматтық авиация саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтерді. Индустрия және құрылыс министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мен Францияның Азаматтық авиация Бас басқармасының (DGAC) бас директоры Дамьен Каз ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойды.

Бұл құжат – азаматтық авиация саласындағы өзара байланыстарды жүйелі түрде дамытуға бағытталған нақты қадам. Екі ел арасындағы жаңа келісім ICAO – Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен тәжірибелерін енгізуге, саладағы жаһандық үрдістерге ортақ үн қосуға жол ашады.

Келісімге сәйкес, тараптар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе қозғалысы мен кеңістігін тиімді басқару, қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде экологиялық таза авиаотын түрлерін енгізу бағыттарында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сонымен қатар әуежай инфрақұрылымын жетілдіру, экономикалық реттеу тетіктерін дамыту, заңнамалық тәжірибе алмасу мен кадрларды кәсіби даярлау – басты назарда.

Маңыздысы – құжат тек ниет пен міндеттемелер жиынтығы емес. Екі ел мамандары нақты жобалар аясында ақпарат және тәжірибе алмасып, оқыту бағдарламаларын бірлесе әзірлейді, бірлескен семинарлар мен конференциялар ұйымдастырады. Сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы кәсіби кадрлармен алмасу да жоспарланып отыр.

Бұл келісім – тек техникалық серіктестік емес, сонымен қатар сенімді әріптестікке негізделген, болашаққа бағытталған стратегиялық диалог. Ал авиация – ел мен елді, мәдениет пен нарықты жақындастыратын алтын көпір.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.