Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Елімізде шетелдік спортшыларды қаржыландыруға тыйым салынды

19.06.2025

Мемлекет басшысының биыл 15 сәуірде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң 16 маусымда күшіне енді.

Туризм және спорт министрлігі әзірлеген аталған құжаттың негізгі жаңалығының бірі – ҚР-ның азаматы емес спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл норма ел азаматтарының спорттағы және қаржылық қолдаудағы басымдығын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Біз ең алдымен отандық спортшылардың тиісті деңгейде дайындалып, жоғары жетістіктерге жетуіне жағдай жасағымыз келеді», деген еді бұған дейін сала министрі Ербол Мырзабосынов.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше аталған заң шеңберінде сондай-ақ кәсіби спорт клубтарын ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиті белгіленді, бұл – бюджет қаражатын тиімді әрі ашық пайдалануға, клубтарды қосымша қаржы көздерін іздеуге ынталандыруға және мемлекеттік бюджетке тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Жаңа нормалар спорт саласында тұрақты әрі тиімді қаржылық модель қалыптастыруға ықпал етеді. Ендігі кезекте бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қолдау көрсетуге және жоғары жетістіктер спортын ілгерілетуге басымдық берілетін болады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.