Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Жетісу облысында екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

13.06.2025
Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде екі жаңа медициналық мекеме — дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ескелді ауданының Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2 129 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек, зертханалық диагностика, сондай-ақ профилактикалық егу қызметтерін ұсынады.

Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) 430 тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті екі орта буын маманы, сондай-ақ пациенттерді қабылдау үшін аптасына 1-2 рет амбулаториядан келетін дәрігер көрсетеді.

ФАП-тың негізгі қызметіне санитариялық-медициналық алғашқы көмек көрсету, аурулардың профилактикасы, скринингтік бағдарламаларды іске асыру, жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жасау, сондай-ақ вакцинациялау жүргізу кіреді.

Бұл нысандарды ашу ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындарды үйге жақын жерде медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.