Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Климат мәселесі күн тәртібінде тұр

12.06.2025

«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (FAO) қолдауымен «Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа жер пайдаланулары саласындағы көміртегі жобалары» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шара GCP/KAZ/005/GFF «Қазақстандағы климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен жайылымдық жерлерді қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Еліміз әлемдік орташа көрсеткішпен салыстырғанда климаттың өзгеруіне қатты ұшырап отыр – температура онжылдықта 0,32°С жоғарылайды. Бұл жайылымдардың тозуына, құрғақшылыққа, ауыл мен мал шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне алып келеді. AFOLU саласында климатқа төзімді тәжірибелерге көшу, тәуекелдерге бейімделу мен экожүйелердің көміртегін сіңіру қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі.

Зерттеулерге қарағанда, 2060 жылға қарай мал шаруашылығы еліміздегі парниктік газ шығарындыларының ең үлкен көзіне айналмақ. Ал орман шаруашылығы мен жер пайдалану негізгі көміртегі сіңіргіштер болуы мүмкін. Біздің елде көміртегі жобалары үшін үлкен әлеует бар – 200 млн га ауылшаруашылық жерлері мен жайылымдар бойынша әлемде 4-ші орында. Дегенмен, оның көлемін ұлғайтуға мониторинг жүйесін (MRV), нормативтік базаны жетілдіру мен фермерлердің хабардарлығын арттыру қажет. Көміртегі ауыл шаруашылығын дамыту – инвестиция тарту мен тұрақты дамуға стратегиялық мүмкіндік.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдар мен мамандардың тұрақты жер пайдалану, агроорманмелиорация мен көміртегі нарығы саласындағы әлеуетін арттыру, сондай-ақ Қазақстанда көміртегі ауыл шаруашылығын ұлғайтуға нормативтік және институционалдық базаны қалыптастыруға практикалық қадамдарды талқылау.

Тренингте халықаралық стандарттар мен ерікті көміртегі нарығының (VCM) механизмі, жайылымдарды қалпына келтіру, агроорман шаруашылығы, топырақтағы көміртегін сіңіру сияқты көміртегі ауыл шаруашылығы тәжірибесі, Қазақстандағы көміртегі жобаларын іске асыру мысалдары, шетелдік инвестицияларды тартуға кедергі болатын құқықтық тосқауылдар мен олқылықтар, сондай-ақ көміртегі жобаларын мониторингтеу, есеп беру мен верификациялау (MRV) ұлттық жүйесін әзірлеу жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымымен келісімшарт негізінде «Агроорманмелиорация арқылы климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және Қазақстандағы жайылымдық жерлерді қалпына келтіру» жобасының жедел серіктесі мәртебесін алды.

Жоба жердің өнімділігін қалпына келтіруге бағытталған. Ол тұрақты басқару әдістерін енгізу мен Қазақстанның мақсатты бүлінген ландшафттарындағы ағымдағы үрдістерді тұрақтандыру арқылы ауылдық қауымдастықтардың әлеуетін арттыруға және жер ресурстарын тұрақты басқару әдістерін ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Іс-шараға мемлекеттік ведомство өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтар, сондай-ақ бизнес құрылымдар мен өңірлерден келген сарапшылар қатысты.

Нұрбай Жолшыбайұлы

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.