Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025

Бұл қазақстандықтардың шетелде жұмыс басталар алдында жақсы дайындалуына, қорғалуына және ақпараттандырылуына бағытталған, — деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Орталық Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығы ғимаратында ашылды. Мұнда азаматтар еңбек көші-қонының құқықтық, мәдени және практикалық аспектілерін біле алады. Тақырыптардың қатарына мигранттардың құқықтары, өзге елге бейімделу, заңды және еңбек қызметтеріне дайындық жатады.

Жобаны Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен, Астана әкімдігімен және Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің (SDC) қолдауымен іске асырды.

«Орталықтың ашылуы – ол еңбек көші-қон қауіпсіздігі және басқарылуы жолындағы маңызды қадам. Біз шетелге жұмысқа баратын әрбір азаматтың өз құқығын білуіне және өзін сенімді сезінуіне ұмтыламыз», — деп атап өтті Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Серхан Актопрак.

Ашылу салтанатына Астана әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Асқарбек Ерсаев, Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Салман Бал, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың басқа да өкілдері қатысты.

Орталықтың ашылуы Орталық Азиядағы басқарылатын еңбек көші-қонын дамыту жөніндегі ХКҰ өңірлік бағдарламасының бөлігі болып саналады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.