Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ: АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

01.06.2025

Бүгін 1- маусым балаларды қорғау күні қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінің ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев арнайы қатысты.

Рәсімде Премьер-министрдің орынбасары Ермек Беделбайұлы алғы сөз сөйледі.
Аймақ басшысы жиналған қауымды Балалар күнімен және мәдени-демалыс паркінің қайта жаңғыртудан кейінгі ашылуымен құттықтады.

“Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау — мемлекетіміздің басты міндеті», — деген болатын. Бүгін — аймағымыз үшін айтулы күн. Мерекеге орай қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркі, физика-математика мектеп-интернаты, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылуда. Бұл ұлтымыздың «Қазақ» атауының қайтарылғанының, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдық мерейтойына үлкен тарту болды.
Жаңа, әсем, заманауи парктің құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде пайдалануға берген елімізге белгілі «BI GLOBAL» компаниясының ұжымына Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін. Егемен елімізді дамыту жолындағы абыройлы істеріміз, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарымыз табысты болсын!
Балаларымыз аман, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Мереке құтты болсын!”, —  деді
Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетұлы құттықтау сөз сөйледі. Жобаны сапалы әрі уақытылы салып бітірген мердігер мекеме «BI GLOBAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Президентіміздің бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облысымызда кең ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала, аудан және ауылдардағы парктер, скверлер, аллеялар мен көпқабатты үйлердің аулалары жаңартылып, көркейтілуде.

Өңірдің сәулеттік келбеті жаңарып келеді. Кәсіпкер, меценат Асқар Әубәкіровтың демеушілігімен Қызылорда қаласының Орталық алаңы толық қайта жаңғыртылды.
Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Жаңақорған ауданында 790 млн теңгеге заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында 450 млн теңгеге «Еңбекшілер паркі» пайдалануға берілді. Мұндай демалыс орны жақында Қазалы ауданында да ашылып, тұрғындар игілігіне ұсынылды.
Қазіргі таңда Президент саябағын, Батырхан Шөкенов атындағы парк пен Қорқыт ата мемориалды аллеясын жаңғырту жұмыстары қарқын алған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.