Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

СЫР ЕЛІНДЕ «ҮШ ДӘУІРДІҢ АСТАНАСЫ- ҚЫЗЫЛОРДА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС БАСТАЛДЫ

25.05.2025
Бүгін Қызылордадағы «Өнер орталығында» «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы басталды. Айтысқа Қазақстанның Еңбек Ері, Кеңес Одағының, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, журналист, әдебиеттанушы, қазылар алқасының төрағасы Сауытбек Абдрахманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған өнер жанашырлары қатысуда. Жыр додасын Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтай жүргізіп отыр. Ашылу рәсімінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Биыл — еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына
180 жыл, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының ашылғанына 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Бұл мерейлі даталардың ұлт тарихында алар өзіндік орны мен маңызы зор. Сыр өңіріндегі айтулы шаралар мыңжылдық асыл мұрамыз айтыспен басталуда. Мемлекет басшымыз бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы болған Сыр өңірін алтын бесікке теңеп, айрықша бағасын берген еді.
Өздеріңізге белгілі Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда келесі 5-ші отырысты Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.
Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті.
Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің өңірімізде атқарылған жұмыстарға берген оң бағасы деп білеміз.
Сыр топырағынан түлеген ақындарымыз айтыс өнерін дамытуға үлкен үлес қосуда. Өйткені, айтыс – мәңгілік киелі мұрамыз!
Бүгінгі сөз додасына келген жүйріктерге ел рухын асқақтатудағы елеулі еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.
Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, бірлік пен ұлт тұтастығының алтын діңгегіне айналған қасиетті Сыр өңіріне келген қадамдарыңыз құтты болғай!
Халықты ізгілікке үндейтін өнердегі шын жүйріктер тыңдарманға келелі ой айтып, тағылымды сайыс жасаңыздар!
Баршаңызға сәттілік тілеймін!”-, деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Айтыс алаңында еліміздің әр аймағынан жиналған 12 ақын бақ сынасады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.