Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Шағын және орта бизнесте 4 миллионнан астам адам жұмыс істейді

22.05.2025
Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы. Ресми статистика деректеріне сәйкес, былтыр ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің өскені байқалды. 2024 жылдың 4-тоқсанында экономикадағы ШОБ үлесі 39,7%-ы құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 3,2%-дық тармаққа артық. 2024 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2,2%-ға артып, 4,4 млн адамға жетті. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылғы 4-тоқсанда 19,2%-ға ұлғайып, 81 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда бизнесті мемлекеттік қолдаудың талап етілетін шараларының бірі кәсіпкерлікті қолдаудың Кешенді бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын бизнестің Жол картасы және Қарапайым заттар экономикасы бағдарламаларының құралдары болып қала береді. Бұл бағдарламаның операторы – «Даму» қоры.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша кредиттерді субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен шамамен 1 трлн теңге кредит сомасына 17 мыңнан астам бизнес жобасы қамтылды, 310 млрд теңге сомасына 8 мың жоба бойынша кепілдік берілді. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 275 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Өңірлер бөлінісінде жобалардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалалары болса, Алматы, Түркістан және Ақтөбе облыстарында іске асырылды. Салалар бойынша өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау және білім беру жобалары басым», – деді спикер.

Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, 2010 жылдан 2024 жылға дейін «Даму» қорының мемлекеттік қолдауына ие болған кәсіпорындар 130 трлн теңге сомасында өнім шығарды. 220 мың жаңа жұмыс орны құрылды, 1,2 млн жұмыс орны сақталды. «Даму» Қорының құралдары бойынша кәсіпкерлерді қолдауға арналған бюджет қаражатын пайдаланудың экономикалық тиімділігі 2010-2024 жылдар аралығында 1 трлн теңгеден астам бюджетпен 6 трлн теңгені құрады, тиісінше мемлекеттік қаражат бюджетке төленген салықтар есебінен 6 еседен астам мөлшерде қайтарылды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.