Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Колледждерді 173 мың студент бітіреді: Жұмысшы мамандықтары жылы жастарды жұмыспен қамту және қолдау артуда

20.05.2025
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде ТжКБ жүйесін дамыту бойынша ағымдағы нәтижелер туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылында колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алған. 173 мың студент оқуын бітіреді, оның ішінде жұмыс біліктілігі бойынша 123 мың студент, дуальды оқыту шеңберінде 27 мың студент білім алып шығады. Кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мың студент бітірді.

«Жыл сайын колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші өсуде: 2024 жылы түлектердің 81%-ы жұмыспен қамтылды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және колледждердің бизнеспен өзара іс-қимылына аса назар аударылуда. Оқу жылының қорытындысы бойынша қамқорлық көмек көрсететін кәсіпорындардың саны 7 есе артты. Бүгінгі таңда 4 мыңнан астам кәсіпорын 662 колледжге, өткен жылдың қорытындысы бойынша 412 колледжге 558 кәсіпорын қамқорлық көрсетуде», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, «педагог-кәсіби бағдарлаушы» лауазымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. 905 жоғары сынып оқушысы жалпы білім туралы аттестатпен қатар, жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алды. 2,5 млн мектеп оқушысы кәсіби бағдарлаушы шараларымен қамтылды.

104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 2 мың орынға арналған 8 жатақхана пайдалануға берілді. Бизнес өкілдері 8 мыңнан астам білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.