Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жазғы демалыс және бос уақыт: 2025 жылы 3,2 млн оқушы бағдарламалармен қамтылады

20.05.2025
ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Еліміздің 10 мыңнан аса демалыс орнында 3,2 млн бала жазғы каникулын өткізеді. Оның 15 мыңнан астамы – жыл бойғы сауықтыру орталықтарында, 186 мың бала – қала маңындағы, 2,8 млн бала – мектеп жанындағы, 160 мың бала – шатырлы және киіз үй демалыс орындарында демалады», — деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, өңірлермен бірлесіп барлық демалыс орталықтарының тізімі бекітіліп, олардың дайындығы республикалық штаб отырыстарында қаралды. Санитарлық нормалардың, тамақ қауіпсіздігі талаптарының, сондай-ақ судағы, ормандағы және спорт объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді.

Әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше назар аударылады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Жаздық жолдама» жобасы аясында 10 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Көп балалы және ауылдық отбасылардан шыққан балаларға басымдық беріледі.

Жазғы демалысты мазмұнды ұйымдастыру мақсатында 120 мың ұйымдастырушы-педагогті даярлады. Қосымша 12 мыңнан астам студенттер мен еріктілер тартылатын болады.

Өңірлерде инфрақұрылымда да, жазғы демалыс мазмұнында да оң өзгерістер бар:

  • Түркістан облысында қамтуды кеңейту үшін 10 лагерьде модульдік корпустар салынып жатыр;
  • Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы»  жобасы жалғасуда – биыл алты елді мекеннен 62 отбасы қатысып, 140 балаға арналған демалыс ұйымдастырылады;
  • Ақтөбе облысында және басқа да бірқатар өңірлерде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында колледждер жанындағы лагерлерде оқушылар шеберлік сыныптары мен кәсіптік бағдар беру сессияларына қатысады.

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру бағытында жазғы еңбек, туристік, шығармашылық, интеллектуалдық іс-шаралармен 3,4 млн бала қамтылады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.