Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Абоненттік құрылғыларды верификациялау – көлеңкелі нарықпен күрес құралы

20.05.2025
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде қолданылатын смартфондардың басым бөлігі көлеңкелі айналымда. Осыған орай, абоненттік құрылғыларды сәйкестендіру тәртібі енгізілді, kz-imei.kz порталы арқылы тіркеу және заңдылықты тексеру тетігі іске қосылды. Бұл шара тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, салық түсімдерін арттыруға және заңсыз сауданы қысқартуға бағытталған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникацияар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, сарапшылар мобильді құрылғыларды өндірушілердің бірін мысалға ала отырып, жыл сайын әкелінетін смартфондар бойынша бюджетке түспейтін төлемдерді есептеген. Ресми дистрибуторды мысалға ағанда, 2024 жылғы салық түсімдерінің нақты сомасы 30 млрд теңгеден асады.

«Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл көрсеткіш елімізде сатылған және іске қосылған барлық құрылғылардың жалпы санының 25% құрайды. Тиісінше, сатылатын смартфондардың шамамен 75%-ы ел аумағына заңсыз әкелініп, іске қосылған. Яғни, бұл көлеңкелі бизнес. Бюджетке түспеген салық түсімдерінің сомасы 70-80 млрд теңгеге жетеді», — деді Дамир Сейсембеков.

Заңсыз сатылатын смартфондардың басты проблемасы – алаяқтық, жосықсыз бәсекелестік.

25 наурыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғылардың IMEI-кодтарын міндетті түрде сәйкестендіру енгізілді. Абоненттік құрылғыларды сәйкестендіру үшін бірыңғай цифрлық инфрақұрылым құру тіркелмеген және заңсыз әкелінген құрылғылардың айналымын шектеуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, оларға ресми түрде кепілдік берілген заңды техниканы сатып алуға мүмкіндік береді. Құрылғылардың толық функционалына қолжеткізуді қамтамасыз етеді, оның ішінде, Қазақстан аумағында бұрын қолжетімсіз болған функцияларға. Сонымен қатар, салық түсімдері артады, халықаралық брендтердің ресми өкілдіктерін нарыққа шығуға, оның ішінде, фирмалық дүкендер, сервистік орталықтар және уәкілетті сату нүктелерін ашуға ынталандырады. Бұл өз кезегінде, бәсекелестікке және логистикалық делдалдарды жою арқылы құрылғылар бағасының төмендеуіне ықпал етеді.

«Елімізге әкелінген телефондар IMEI кодтарын өндірушілерге тарататын халықаралық GSMA базасымен сәйкестендіріледі. Яғни, телефондар ұрланбаған, жаңарту үшін қалпына келтірілген пайдаланылған телефондар емес. Сонда түпнұсқа құрылғылар деген түсінік болады», — деді Дамир Сейсембеков.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.