Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстан шегірткенің таралуының алдын алу үшін көрші елдермен ынтымақтастық орнатты

14.05.2025
Қазақстан шегірткемен күрес аясында Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанмен ынтымақтастық орнатқан. Қазіргі кезде барлық аталған елдермен тиісті келіссөздер жүргізілді. Оның басты мақсаты — бірлескен болжам жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көрші елден шегіртке тектес зиянкестердің Қазақстан аумағына кірмеуін қамтамасыз ету. Бұл туралы КҚ алаңында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады.

Оның айтуынша, шегіртке зиянкестеріне қарсы бақылау және қорғау шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды.

«Қазіргі уақытта 1 млн 485 мың гектар жер зерттеліп, оның 572 мың гектар алаңында шегірткелер қоныстанған, оның ішінде 400 мың гектар алаңы өңдеуге жатады. Нақты химиялық өңделген алаң – 397 мың гектар. Бүгінде Жамбыл, Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстарында өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді спикер.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өсімдіктерді қорғау басқармасының басшысы Алмат Сүлейменов шегірткелердің таралу қаупі мен өңдеу жүргізілетіні туралы халыққа қалай хабарланатынын айтты.

«Қай жерде және қай уақытта өңдеу жүргізілетіні туралы халыққа жергілікті БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы ескертіледі. Бұл уақытта тұрғындар ол жерде болмауы керек, омарташылар ол аумаққа араларды орналастырмауы қажет және мал жүрмеуі керек», – деді басқарма басшысы.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.