Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.2025

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды. Басшыны департамент ұжымына ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды таныстырды.

Төлеген Сәрсембаев қаржылық бақылау және салық саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Ол еңбек жолын 1993 жылы бастап, Алматы қаласының салық органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Мемлекеттік кірістер және салық органдарындағы басшылық қызметтерін келесідей кезеңдер қамтиды:

  • 2005–2008 жылдары Қызылорда облысы бойынша Салық комитетін басқарды;
  • 2009–2013 жылдары Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің басшысы болды;
  • 2013–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды;
  • 2014–2017 жылдары Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды;
  • 2019–2020 жылдары Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ Төлеген Сәрсембаев Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасары, Алматы облысы әкімінің аппаратының басшысы секілді жауапты лауазымдарды атқарған.

Соңғы жылдары ол ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы сияқты республикалық деңгейдегі қызметте болған.

Жаңа басшыны таныстыру кезінде Ерғали Егемберды Төлеген Сәрсембаевтың кәсіби тәжірибесі мен басшылық қабілетіне жоғары баға беріп, Жамбыл облысының салық және кірістер жүйесін одан әрі дамытуда сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.