Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстандық тауарлар маркетплейстер арқылы жаһандық нарыққа шығарылып жатыр

05.05.2025
Бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық павильонын халықаралық сауда платформаларына шығару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты QazTrade компаниясы шикізаттық емес секторды дамытуға, сондай-ақ тауарларды экспортқа шығаруға жауапты. Компанияның қаржылық емес қолдау құралдарын дамыту туралы ОКҚ алаңында «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Айтмұхамед Алдажаров айтып берді.

Спикер қазір әлемде экспорт бойынша болып жатқан ірі үрдістерге тоқталды. Компанияның бас директоры атап өткендей, бұл – ең алдымен, цифрлық платформаларға көшу.

«Қазақстандық компанияларды халықаралық электрондық платформаларға шығару – компанияның басты бағыты. Бүгінгі таңда біз қазақстандық тауарларды JD.com, Douyin, Europages, Alibaba.com. сынды ірі маркетплейстердің ұлттық павильондарында ұсынамыз. Бұл алаңдар бізге цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, тауарды шекара арқылы өткізбей-ақ экспортты белсенді түрде ілгерілетуге көмек көрсетеді», – деді Айтмұхамед Алдажаров.

Экспортты белсенді дамытуға мүмкіндік беретін келесі құрал – сауда-экономикалық миссияларды өткізу. Жыл басынан бері төрт сауда-экономикалық миссия өткізілді.

«Құны 348 млн долларға тең құжаттарға қол қойылды, 350-ден астам компания экспортты дамытуға қатысты. Біз одан әрі мониторинг жүргізіп, компанияларымызға осы уағдаластықтардың сенімді келісімшарттарға айналуына көмектесеміз», – деп атап өтті спикер.

Компания экспорттаушылармен тұрақты кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізеді.

«Бүгінгі таңда компания біздің экспорттаушылар уақытылы ақпарат алуы үшін сайтты, платформаны жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Сайттан сауда-экономикалық қызмет туралы барлық статистика мен ақпаратты таба аласыз», – деп қосты спикер.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.