Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Маңғыстау өңірінде үш жаңа теміржол вокзалы салынады

26.04.2025
Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдарының қазіргі ғимараты сүріліп, жаңа вокзалдар құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Мемлекет басшысының туристік жерлерге қолжетімділікті арттыру тапсырмасы аясында биыл 125 теміржол вокзалында қайта жаңарту жұмыстары басталды, оның 21-i тікелей туристік бағыттағы нысандар. Бүгін Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау теміржол вокзалындағы жұмыстарды тексерді.

«Маңғыстау теміржол вокзалының аумағы 10 есе артады. Қайта жаңарту жұмыстары аясында заманауи үлгідегі жаңа ғимарт бой көтереді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасауға баса назар аудардық. Ғимарат ауданының айтарлықтай артуына байланысты арнайы ана мен бала бөлмелерін, заманауи күту залдарын, эсколаторлар мен траволаторларды орнатуды қарастырдық. Жолаушылар ағыны мен саны артып, туризм де дами түспек», – деп атап өтті Марат Қарабаев.

Шетпе вокзалының ауданы 5 есе, ал Бейнеу вокзалының ауданы 10 есе артады.

Сонымен қатар биыл мамандар 404 шақырымдық Бейнеу-Маңғыстау теміржолын жаңартады. Пойыз қозғаласын реттейтін жүйе (автоблокировка) Шалқар-Бейнеу және Маңғыстау-Өзен теміржолдарында орнатылады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.