Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

25.04.2025
Жыл бойы тіршілік ететін, көктем келісімен белсенділігі артатын кене далалық аймақта жұмыс істейтін, мал, егін шаруашылығымен айналысатын адамдарға қауіп тудырады.
Возможно, это изображение 1 человек
Аймақта Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алудың санитариялық-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру туралы облыс әкімінің қаулысы ақпан айында қабылданып, дайындық шаралары наурыз айынан бері жүргізіліп келеді. Аурудың алдын алудағы тиімді шаралардың бірі – кенеге қарсы залалсыздандыру. Былтыр облыстағы 115 елді мекен қолайсыз деп танылған, биыл олардың саны азайып, 111 болды. Қажетті қаржы бөлініп, қолайсыз елді мекендерде кенеге қарсы өңдеу шаралары екі кезеңде жүзеге асырылуда.
Облыстық ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, қолайсыз елді мекендерде 622 016 бас мал және 2 567 257 шаршы метр 33 926 қора, аумағы 557 217 шаршы метр 1 329 суат пен шаңлақ бар. Көктемгі заласыздандыру жұмыстарының І және ІІ кезеңі 9 сәуір мен 14 маусым аралығында жүргізіледі. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасында тұмау, жедел ішек, тағамнан улану ауруларына тән белгілер болады, яғни дене қызуының күрт көтерілуі, әлсіздік, тамаққа тәбеттің жоғалуы, құсу, жүрек айну, бұлшық еттің ауырсынуы, бүйрек тұсының, бас пен іштің ауруы байқалады. Осы белгілер пайда болған жағдайда адам шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінбесе, асқынып кетуі мүмкін. Дер кезінде ем қабылдаса аса қауіпті аурудан толық сауығуға болады.
Кенеге қарсы өңдеу шараларының тиімділігін арттыру үшін тұрғындар қора-қопсының, ауланың тазалығын қатаң сақтауы қажет.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.