Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Атырау тұрғындарына жер телімін беру уақытша тоқтап тұр

07.04.2025

Атырау қалалық әкімдігі кезектегі тұрғындарға жер телімін беруді уақытша тоқтатты. Мақсат – жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайындалған жер учаскелеріндегі инженерлік желілерді ұрлаудың алдын алу.

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жер телімін алу кезегінде 30 мыңның шамасында адам тұр.

«Қалалық әкімдік тарапынан Атырау қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі жиынында «2007 жылы жер кезегіне тұрған азаматтарға Қайнар тұрғын үй алабынан жер учаскелерін беру» туралы ұсыныс жасалған еді. Ұсыныс мақұлданып, 2024 жылдың 1 қазанынан биылғы 12 наурызға дейін аталған тұрғын үй алабындағы 530 жер учаскесі тұрғындарға толығымен табысталды. Жер учаскесін алған азаматтар 2007 жылы жер алу кезегіне тұрған», деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, 13 наурыздан бері жер телімін беру уақытша тоқтатылған.

«2025 жылдың 13 наурызынан бастап 2007 жылы жер алу кезегіне тұрған азаматтарға жер учаскелерін табыстау жұмысы уақытша тоқтатылды. Алдағы уақытта басқа да тұрғын үй алабы дайын болып, инженерлік желілері толық жүргізілгеннен кейін жер учаскелерін табыстау қайта жалғасатындығын хабарлаймыз, деп нақтылады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.