Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

02.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кадрлық өзгерістерге орай өткен актив отырысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жаңа басшысы Жанмұрат Сейіловті таныстырды.
Возможно, это изображение 8 человек
Жанмұрат Жақсымұратұлы 1985 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тарих, құқық және экономика негіздері», Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы ретінде бастаған. Әр жылдары Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, қалалық мәслихаттың, қала әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек еткен. 2024 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын абыроймен атқарып келді.
Облыс әкімі жаңа басшыға өңірдегі тарихи-мәдени мұраларды сақтау жұмысын ұйымдастыруды, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытуды жүктеді. Халық шығармашылығы, театр, кино өнері, музей жұмысын үйлестіруді, кітапханаларды ақпараттандыру орталығына айналдыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.