Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

02.04.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті. Оған селекторлық режимде қала, аудан әкімдері, басқарма, департамент басшылары мен ардагерлер қатысты. Мәжілісте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Мира Қазбекова таныстырылды.
«Мира Жомартқызы — аймақтың әлеуметтік-саяси ахуалымен жақсы таныс, мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинақтаған, облыстың мәдени-рухани өмірін дамытуға зор үлес қосқан білікті маман. Басқарма мен оның басшысына маңызды міндеттер жүктеледі. Атап айтқанда, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, өңірдегі діни тұрақтылықты толыққанды бақылау, діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу және талдау керек. Жастарды діни экстремистік әрекетке тартуға жол бермеу, азаматтардың бойында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында жұмыс атқаруды тапсырамын», -деді Н.Нәлібаев.
Мира Жомартқызы 1984 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Экономика», «Болашақ» университетінде «Заңтану» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2005 жылы мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында бастаған.
Әр жылдары Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымдарында абыройлы еңбек еткен. 2023 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.