Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Үкімет Қостанайға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

28.03.2025

Аталған қаржы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында  «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмсалады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Айта кетейік, 6 млрд 560 млн теңге көлеміндегі қаражат Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта KIA автокөлігін өндіретін зауытқа кірме жолдары мен 3-ші санаттағы теміржолдарды салуға бағытталады. Салынып жатқан KIA автокөлік өндіру зауыты – ең ірі автомобиль жобаларының бірі. Зауыттың жобалық қуаты жылына шамамен 70 мың автокөлікті құрайды.

Инвестор 90 млрд теңге көлемінде қаражат бөлген. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инженерлік коммуникациялар жүргізуге 500-ден астам адам жұмылдырылған. Жоба аясында барлығы 1,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

«Зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын аймақ пен еліміздің дамуына үлкен серпін береді, сондай-ақ өндірісті локализациялау деңгейін айтарлықтай арттырады. Зауыт дәнекерлеу, сырлау және көлік құрастыру сияқты толық циклді негізде жұмыс істейді», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қостанай қаласының Индустриялық аймағы аумағында 5 жоба іске қосылған. 9 жоба белсенді түрде пысықталып жатыр. Осылайша, индустриялық аймақ аумағында көлік инфрақұрылымын салу барлық іске асырылып жатқан жобалардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасайды. Жаңа кірме жолдар мен теміржолдар үздіксіз логистиканы қамтамасыз етіп, шикізат жеткізу ісін жеделдетеді, сондай-ақ дайын өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға тасымалдауды жеңілдетеді.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.